Украинада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап фотокөрме ұйымдастырылды

Украинада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап фотокөрме ұйымдастырылды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Украинаның Одесса қаласында фотокөрме ашылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигоны жабылу күнінің 30 жылдығына орайластырылған. 

Көрмеде Қазақстанды, оның мәдениетін, халқы, табиғаты, сәулеті, ұлттық тағамдары және т.б. кескіндейтін фотосуреттер ұсынылған. Сонымен қатар келушілер назарына Семей ядролық полигонының жабылу тарихы мен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөнінде әлемдік аренадағы күш-жігері туралы материалдар таныстырылды.

Көрмеге келушілерге Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның жеткен жетістіктері, еліміздің әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесі, сондай-ақ Семей ядролық полигоны, «Невада-Семей» халықтық қозғалысы мен жабылу туралы шешімі туралы баяндалды.

Көрменің ашылуына Одессаның мәдениет саласы, қоғам және іскер топтарының өкілдері қатысты, олар іс-шараны үлкен қызығушылықпен қабылдады.

Көрмені Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен Одессадағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырды. Фотоматериалдарды «Қазақпарат» ХАА ұсынды.

«Осындай фотокөрмелерді, сондай-ақ Украинаның Харьков пен Львов қалаларында да өткізу жоспарланып отыр», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.