Уханьдық штамм мен "дельта" штамының ұқсастықтары бар - нейрохирург

Уханьдық штамм мен "дельта" штамының ұқсастықтары бар - нейрохирург
сурет: Egemen.kz

Маманның айтуынша, адамның  жеке индивидуалдық қасиеттері иммунитетке қатты әсер етеді.

Уханьдық штаммен ауырып шыққан кісілердің 100 пайызы "дельта" штамымен ауырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев айтты. Ол уханьдық штамм мен "дельта" штамының ұқсастықтары бар екендігін де жеткізді.

«Короновирус өзі қызық инфекция болып тұр. Оның структурасы, жалпы, енді вакцина жасалып болып, нәтижесін көрсетіп жатқандықтан, уханьдық штамм мен "дельта" штамының ұқсастықтары бар. Уханьдық штаммен ауырып шыққан кісілердің 100 пайызы "дельта" штамымен ауырып жатқан жоқ», - дейді нейрохирург.