UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетеді

UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетеді
Cурет: Ашық дереккөз

Жекпе-жек UFC Vegas 57 турнирі аясында 26 маусымға жоспарланған

UFC әлемдік жетекші промоушені қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Оның келесі қарсыласы - қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық Раулиан Пэйва, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz-тің мәліметінше, қазақстандықтардың жекпе-жегі UFC Vegas 57 турнирі аясында 26 маусымға жоспарланған.

Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пэйвамен күш сынайды. Ол бұған дейін тағы бір Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.

Сондай-ақ, осы кеште қазақстандықтар Шавкат Рахмонов (15-0) пен Нил Мэгнидің (26-8) аралас жекпе-жек айқасын тамашалай алады.