UFC-дің қатары тағы бір қазақпен толықты

UFC-дің қатары тағы бір қазақпен толықты
Сурет: Ашық дереккөз

BRAVE Kombat Федерациясының үздік спортшысы

Zulfikhar лақап атымен танымал Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Dark Team командасының PR-менеджері мәлімдеді.

Ең ірі ММА-промоушенде Алмабаев ең жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл дивизионның UFC чемпионы мексикалық файтер Брэндон Морено (21-6-2) болып табылады. Рейтингтегі бірінші және екінші орынды қос бразилиялық иеленген: Дэвисон Фигейреду (21-3-1) және Алешандра Пантожа (25-5).

29 жастағы Алмабаевтың есебінде 16 жеңіс және аралас жекпе-жекте бір жеңілісі бар. 2022 жылы BRAVE Kombat Федерациясының үздік спортшысы атанған.