UFC Дамир Исмағұловтың жекпе-жегін ресми жариялады

UFC Дамир Исмағұловтың жекпе-жегін ресми жариялады
Cурет: Prosports.kz

Ол 2 жыл бойы октагонға шықпаған грузин спортшысы Гурам Кутателадзеге қарсы жұдырықтасады

UFC ресейдің атынан өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Дамир Исмағұловтың жекпе-жегін ресми жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 2 жыл бойы октагонға шықпаған грузин спортшысы Гурам Кутателадзеге қарсы жұдырықтасады.

Еске салайық, Дамир Исмағұлов бұған дейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 22 мамырда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алвесті ұтты.