Уфадағы жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Уфадағы жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды
Сурет: Ufatime.ru

Жастар арасындағы әлемдік белдесу өз мәресіне жетті.

Башқұртстан астанасы Уфада (Ресей) күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен сынға түскен балуандар нәтижесі келесідей:

60 келі:

Нұрсұлтан Базарбаев 1/4 финалда Иран балуанына есе жіберді.

67 келі:

Дінмұхамед Қошқар екі белдесуде жеңіске жеткенімен, 1/4 финалда украиндық балуаннан жол берді.

72 келі:

Абдиазим Қарабаев 1/8 де венгр балуанынан айласын асыра алмады.

82 келі:

Азимхан Абдалиев іріктеуде Беларуссия балуанына есе жіберді.

97 келі:

Ерзат Ерланов іріктеу кезеңінде АҚШ спортшысын ұтуға шеберлігі жетпеді. АҚШ балуаны осы чемпионатта еркін күреске 97 келіде әлем чемпионы атанған болатын.