Әуезов ауданында бір күнде 300-ден аса ағаш көшеттері отырғызылды

Думан АНАШ

Қар кетіп, жер қарая қазақтың ақсақалынан қарасирақ баласына дейін қолына кетпен ұстап, жылға тазалап, жиегіне ағаш егетін игі дәстүрі бар-ды. «Бір тал кессең, он тал ек», «Бұлақ көрсең көзін аш» деген парасатты мәтелдер сол заманнан қалған асыл сөздер болса керек.

Баба дәстүрі қайта жалғасты.

Өткен аптада, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Әуезов ауданында «Жасыл қала» акциясы шеңберінде аудан аумағын көріктендіру жұмыстары басталды. Әуезов ауданындағы «Нұр Отан» ХДП филиалы, экологиялық қызмет бөлімі, аудан әкімдігі аппаратының көгалдандыру бөлімі ұйымдастырған бұл игі шара шын мәнінде қаланың тынысын ашуға септігін тигізері сөзсіз. 19-наурыз күні Саин көшесі мен Жандосов көшесінің қиылысында және №153 жалпы білім беретін мектептің аумағында 300-ден астам жас көшеттер отырғызылды. Ағаш егу жұмыстарына «Достық» ықшамауданының тұрғындары мен №153 жалпы білім беретін мектептің оқытушылар құрамы, оқушылар бір кісідей қатысты.

«Саин көшесі бойындағы жасыл желекті суару, күтіп-баптау жұмыстарын «ЛЭУ-фирмасы» ЖШС жүргізсе, мектеп аумағында отырғызылған жас көшеттерді баптау, өсіру жауапкершілігін мектеп оқушылары мен педагогтар ұжымына жүктеліп отыр», – дейді Әуезов ауданы бойынша экологиялық инспекцияның бас маманы Ғалия Төлегенова.

«Жасыл қала» акциясы көктем мезгілі аяқталғанша жалғасады. 19-наурыз күні жүргізілген акция шеңберінде қала аумағы бойынша 2 470 ағаш отырғызылды.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы Алматыда 27 мыңнан астам жасыл желек көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Оның ішінде қытай терегі, қайың, долана,  т.б. түрлі ағаш түрлері жетерлік. Мұның ішінде 7 мың ағаш бюджет есебінен отырғызылмақ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *