Қазақстан - көш басында!

Қазақстан - көш басында!
Сурет: Prosports.kz

УЕФА Ұлттар лигасының Қазақстан-Словакия кездесуінде Словакия екінші мәрте жеңілді

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында «Астана Аренада» Словакия құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Матчтағы есепті 18-ші минутта Ян Вороговский ашса, 39-шы минутта Эльхан Астанов есепті еселей түсті.

Екінші таймда Словакия бір голмен жауап қатқанымен, таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді. Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде өзгерістер болмады. Қазақстан С дивизионының 3-тобында 10 ұпаймен көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы қалған ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, үш күннен кейін сырт алаңда Әзірбайжанмен күш сынасады.

Қазақстан – Словакия – 2:1

Голдар: Ян Вороговский 18, Эльхан Астанов 39 – Матуш Беро 51

Сары қағаздар: Рамазан Оразов 86 – Норберт Дьомбер 23, Ондрей Дуда 86, Ладислав Алмаси 90+4, Юрай Куцка 90+5

Қызыл қағаз: Ондрей Дуда 87

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 73) – Асхат Тағыберген (к), Аслан Дарабаев (Темірлан Ерланов 88), Ян Вороговский (Рамазан Оразов 73), Эльхан Астанов (Юрий Логвиненко 83) – Абат Айымбетов (Максим Самородов 88);

Қосалқы құрам: Мұхаммеджан Сейсен (қ), Бекхан Шайзада (қ) – Ғафуржан Суюмбаев, Елдос Ахметов – Самат Жарынбетов, Бауыржан Байтана – Артур Шушеначев;

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Словакия: Марек Родак (қ) – Юрай Чватал (Вернон де Марко 46), Мартин Вальент, Норберт Гимбер, Петер Пекарик – Матуш Беро (Ладислав Алмаси 82), Патрик Горошовски, Лукаш Гараслин (Томаш Суслов 88), Юрай Куцка (к) – Ондрей Дуда, Альберт Руснак (Давид Стрелец 72);

Қосалқы құрам: Франтишек Плах (қ), Доминик Такач (қ) – Мартин Косцельник, Любомир Шатка – Станислав Лоботка – Иван Шранц, Роберт Боженик, Мартин Регали;

Бас бапкердің міндетін атқарушы: Самуэль Словак.