УЕФА кубогының ақтық қарсыластарын анықтауға қатысты

Ермұхамед МӘУЛЕН

«Балуан Шолақ» спорт сарайында «Төртеудiң турнирi» деп аталатын шағын футболдан кәрi құрлық кубогының жеребесi тартылды. Командалық бәсекенiң соңғы ойындарының қарсыластарын анықтауға Қала Әкiмi Ахметжан Есiмов те қатысты.

УЕФА кубогының ақтық кезеңiне жолдама алған командалар арасындағы жеребе тарту рәсiмi осы жылы Алматы қаласының еншiсiне тидi. Кубок жолындағы бәсекеге iрiктелiп төрт команда қалған. Олар португалияның «Спортинг» және «Бенфика» командаларымен қоса итальяндық «Монтесильвано» мен алматылық «Қайрат». Дәл осы байрақты додаға дайындық жүргiзiп жатқан алматылық ұжым бразилияның атақты клубы «Сантоспен» жолдастық кездесу өткiзiп, 3:1 есебiмен жеңiске жеттi.

Белгiленген жоспар бойынша сәуiрдiң 29-ы және 30-ы күндерi жартылай финалдар өтсе, 1-мамырда ақтық сын болады. Осы бәсекеге тыңғылықты дайындалу үшiн «Қайрат» командасы бiрнеше жолдастық кездесулер өткiзудi қарастыруда.

Нәтижесiнде «Қайратқа» португалияның «Спортингi» қарсылас атанды, ол кездесу 29 сәуiр күнi сағат 19:30-да өтедi. 30 сәуiрде португалиялық «Бенфика» мен италияндық «Монтельсивано» арасында финалға берiлетiн екiншi жолдама сарапқа салынады.

½ финал, 29 сәуiр 2011 жыл

«Спортинг» (Лиссабон, Португалия) — «Кайрат» (Алматы, Қазақстан) 19:30

«Бенфика» (Лиссабон, Португалия) — «Монтесильвано» (Италия) 22:00

1 мамыр 2011 жыл

Қола жүлде үшiн – 16:00

Финал 18:30

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *