Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлем мөлшері өседі

Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлем мөлшері өседі
Сурет: Dauletten.kz

Бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (86 250 теңгеге) дейін ұлғаяды.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, - делінген құжатта. 

Жұмыскер қызмет барысында жарақаттанса немесе кәсіптік дертке шалдығып, қызметке уақытша жарамсыз деп танылса, онда оған орташа жалақының 100% мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.