Төрегелді Шарманов өзінің YouTube каналын ашты

Төрегелді Шарманов өзінің YouTube каналын ашты
Сурет: Altyn-Orda.kz

Саналы ғұмырын адам денсаулығына арнаған, дұрыс тамақтануды насихаттайтын ғалымның каналы «ТағамСаулық» деп аталады.

Қазақстанның денсаулық саласында аты аңызға айналған Төрегелді Шарманов өзінің YouTube каналын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Хабар 24» сайтына сұқбат берген  білікті ғалым енді өз көрермендеріне құнды ақыл-кеңестерін айтып отырады. Пандемия кезінде денсаулықты қалай күту керек екенін түсіндіреді. 

«Келіп, құшақтап сәлем беруді қазақтың бұрынғы салты деп есептейді. Сен жақсы көрсең, досың болсын, туысың болсын, қаншалықты жақсы көресің, жақындарыңнан соншалықты қашықта бол деймін. Орның таза болсын, жейтін тамағың лас болмасын. Лас деген сөз бетіндегі кір емес, құрамы сондай пайдалы болу керек», - дейді академик. 

Төрегелді Шарманов жас дәрігерлерді тәрбиелеуге де атсалысып отыр. Биыл ол өз атымен аталатын Халықаралық қор құрды. Осылайша, денсаулық сақтау саласының майталманы ғалымдардың коронавирусқа қарсы күреске қосқан үлесін атап өтуді жөн санайды.