Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Қазақстан рекордтар кітабы жарық көрді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Қазақстан рекордтар кітабы жарық көрді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан рекордтар кітабы 12-ші рет жарық көрді

Осымен 12-ші рет шыққан Қазақстан рекордтар кітабына бұл жолы спортшылар, медицина өкілдері, әдебиет саласы, фотография, режиссура және қолөнершілер енді.

Ел арасында «Қазақ Титан» атанған Алмат Жұманов – қара күш иесі. Ол жүк тиелген 109 тонналық вагонды 8,5 метрге сүйреген. Оның бұл жетістігін Гиннестің рекордтар кітабы мойындапты. «Бірақ арнайы сетификат әлі қолыма тиген жоқ», - дейді Алмат.

Алмат ЖҰМАНОВ, рекордшы:

 – 300 келі болатын түйені иығыма салып алдым да, екі джип, бір жеңіл машина соның бәрін 13 метрге дейін тартып сүйредім, – деді спортшы.

Марапаттау салтанатына қатысқан азаматтар рекордшылардың тізіміне бекер қосылмағандарын дәлелдеді. Олар халық алдында шеберліктерін көрсетті. Шара барысында Айдын Нұржұма отандық рекорд жасады. Шыны сынықтарын жалаң аяқ басып тұрып, тісімен және төс сүйегімен 32 келі кір тасын көтерді. Одан кейін бет сүйегімен тағы 10 келіні бағындырды.

Айдын НҰРЖҰМА,  рекордшы:

– Бала кезден күреспен айналысқам, жаттықтырушы әкем үйреткен. Қазіргі айналысып жатқаным темір көтеру, күшпен бағындыру әдістерімен 2020 жылдан бастап айналысамын. Қазақстанның рекордтар кітабына екінші рет кіріп жатырмын. Бірінші кірген дүние - ол 63 келі көлікті төс сүйекпен тарту.

Қазақстан рекордтар кітабына енген 14 адамға арнайы сертификат табысталды.