«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет»

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет»
Сурет: ADEBIPORTAL.KZ

Дәл осындай атпен елімізде тұңғыш рет онлайн сайыс өткізілді.

Бұл ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқау ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталында» өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ADEBIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Үш айға созылған мегажобаның суретшілерге арналған алғашқы кезеңіне 101 суретші, 300-ден астам картина келіп түссе, екінші кезеңде 100-ге жуық ақындар бақтарын сынады. 

Жеңімпаз Ақын мен Суретші шығармаларынан арнайы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) альбом дайындалады. Альбом сапалы, түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, арнайы түсірілген бейне роликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көреді.

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 26 тамыз күні өтеді, пандемияға байланысты өзгеруі де мүмкін. Негізгі шарт бойынша поэзия мен суретте үндескен дуэт-жүлдегерлер карантин талаптарын ескере отырып, "Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет" қорытынды мәдени кешіне алдын ала шақыртылады.
Ал байқаудың жүйріктерінің тізімін мына жерден біле аласыздар.