Тәуелсіздік күні – кез келген мемлекет пен халықтың тарихындағы ұлы мереке - профессор

Тәуелсіздік күні – кез келген мемлекет пен халықтың тарихындағы ұлы мереке - профессор
Cурет: Алматы әкімдігі

30 жыл ішінде біз әлемде лайықты орын алып, өзімізді мемлекет ретінде бекіттік. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тәуелсіздік күні – кез келген мемлекет пен халықтың тарихындағы ұлы мереке. Біз тәуелсіздігіміздің қандай қиыншылықпен берілгенін көп ғасырлық тарихымыздан білеміз, сондықтан бүгін біз бұл мерекені үлкен ыстық ықыласпен және патриоттық сезіммен тойлаймыз. 30 жыл ішінде біз әлемде лайықты орын алып, өзімізді мемлекет ретінде бекіттік. Бұл күні алматылықтарға тамаша концерт ұсынылып, онда Алматының тарихи және саяси оқиғалардың ошағы болғаны туралы мұрағаттық кадрлар көрсетілді. Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдары еске түсті. Бүгін тамаша музыкалық бағдарлама, көрнекіліктер және, әрине, марапаттау атмосферасының өзі ерекше әсер қалдырды»,-деді Георгий Кан.