«Тәуелсіздік күнделігінде» Қазақстанның төрт тарабы қамтылған
Жобаның кезекті 26-шығарылымы шықты
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсе «Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Осы бейнежоба арқылы қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы елімізде қалай атап өтіліп жатқанын біле алады. Жобалық кеңсе осы мерекелік шараларды үйлестіреді. Жалпы, аптасына әртүрлі форматтағы 150-ден 250-ге дейін түрлі ивенттер өткізіледі, көп жағдайда бұл танымдық ісшаралар. Бейне күнделік Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеудің жалпы көрінісін қарауға мүмкіндік береді», деп атап өтті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Бағлан Айдашов.