«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 30 жылы» кітабы қалалық балалар кітапханасына тарту етілді

«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 30 жылы»  кітабы қалалық балалар кітапханасына тарту етілді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Кітап тарту етілді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі  Шухрад Шардинов С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасына «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 30 жылы» атты кітаптарды сыйлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылы барысында ұлысаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Қазақстан халқы Ассамблеясың және жалпы бейбітшілік пен келісімнің бастауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Салиқалы саясаттың, Қазақстандағы ауызбірліктің арқасында еліміз қысқа мерзім ішінде зор жетістіктерге қол жеткізді. Ендігі біздің ортақ мақсатымыз – мемлекеттілігімізді және қазақстандық патриотизмді ары қарай нығайту. Бүгін біз осы кітаптарды қаламыздың бірқатар кітапханаларына табыстау жөнінде шешімге келдік. Қала тұрғындары, әсіресе, балалар Тәуелсіз Отанымыздың ауызбірлікті күшейту жолындағы тарихымен танысып, оның құндылығын сараптауға мүмкіндік алады. Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Бүгінгі жастар мемлекетіміздің жетістіктерін алдағы уақытта еселеп, қазіргі таңда бастау алған ірі жобалар мен бастамалардың жалғастырушысы болады», - деді маслихат депутаты.     

Балалар кітапханасымен қатар аталмыш кітаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне және А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханаға тарту етілді.

Кітап үш тілде шығарылған. Кең оқырман қауымына қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Алматы қалалық жол картасының «Қалалық кітапханаларды шығармашылық орталықтарына трансформациялау арқылы тегін шығармашылық үйірмелердің және коворкинг-орталықтардың санын арттыру» жөніндегі тармақтың іске асырылуы депутат Ш.А. Шардиновтың бақылауында.