Тұрғымбаев: ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады

Тұрғымбаев: ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады Cурет: Ашық дереккөз

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тұрғымбаев қазақстандықтарды шектеу шараларына шыдамдық танытып, сақ болуға, күдікті деректер туралы полицияға хабарлауға шақырды.



«Әсіресе, лаңкестерге қарсы әрекет орнында сақ болуды, арандатуға берілмей, барлық күдікті деректерді полицияға хабарлауды сұраймын. Бұл арқылы еліміздегі тәртіпті қалыпқа келтіруде құқық қорғау органдарына үлкен көмек бересіздер», - деді Тұрғымбаев.



Ол мұндай қиын уақытта көрінеу жалған ақпарат таратуға болмайтынын, ал ондай дерек тіркелсе, полиция әрекет ететінін ескертті. 



«Мемлекеттік және ішкі істер органдарының ресми дереккөздеріне сену керек. ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар ҚК 274-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, үш жылдан жеті жылға дейін сотталады», - деді Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42