Тұтынушылардың коммуналдық берешегі 33 миллион долларға жуықтаған

Тұтынушылардың коммуналдық берешегі 33 миллион долларға жуықтаған
Сурет: Uralskweek.kz

Тұтынушылар коммуналдық қызметтер үшін 14 млрд теңге қарыз

Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат cайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың қыркүйегінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды 4 өңірде ең көп дебиторлық берешек бар», - деді министр.

Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру іс-шаралар қабылданғанын айтты.

«Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсынымдар әзірледі. Осы ұсынымдар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады», - деді Бейбіт Атамқұлов.