Тұрғындар қарапайым ауланы жайқалған жасыл баққа айналдырды - Байқау сарапшылары

Тұрғындар қарапайым ауланы жайқалған жасыл баққа айналдырды  - Байқау сарапшылары
Cурет: Almaty.tv

Көгалдандыру үшін өте үлкен сома.

Қоғамдық кеңес мүшелері Алматыда өткен «Үздік аула - 2021» байқауы қаланы көгалдандыруға, тұрғындарда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Комиссия мүшелеріне байқау нәтижесін шығару оңай болған жоқ. Жұмыстар бірінен-бірі өтеді. Тартысты болды. Нәтижесінде бұл аула гран-при жеңіп алды. Әкім 5 миллион табыс етті, бұл көгалдандыру үшін өте үлкен сома, бірақ бұл жерде тұратын адамдар бұл ауланы оазиске айналдыру үшін барлығын жасады. Бұл жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын көрсетті, біреуден талап етпес бұрын Қала үшін бір нәрсе жасауға өзің дайын болу керектігін айқындады», - деді қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Сергей Пономарев.

Жасыл экономика басқармасы ағаштар отырғызу, қалаға бояу беру жұмыстарында мұндай байқаулар өз тиімділігін көрсететінін алға тартты. Алда мұндай байқаулар жалғасатыны, қаланың жасыл экономикасын дамытуға қолдау жасалатыны айтылды.

«Миллион ағаш отырғызу жобасы аясында бүгінде 400 000 ағаш отырғызылды. Биыл 300 000-ға жуық өсімдік отырғызылады. Сондай-ақ, қалаға бояу беру үшін гүл отырғызу жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті Жасыл экономика басқармасының қоғамдық насихат қызметінің басшысы Әли Райымбаев.

Еске салсақ, Алматы қаласының күнінде аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасы үздік үш жеңімпазды және Гран-при иегерін анықтады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жеңімпаздарға 5 млн теңгенің сертификатын табыс етті.