Тұрсынбай Құлахмет нокаутпен жеңілді

Тұрсынбай Құлахмет нокаутпен жеңілді
Cурет: Ашық дереккөз

Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-1) Ұлыбританияда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазды Prosports.kz.

Отандасымыз доминикандық Хуан Карлос Абреумен (24-6) жұдырықтасты.

Бірінші орта салмақтағы WBC International титулы сарапқа салынған жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Бірақ жетінші раундта Құлахмет күтпеген жерден нокаутпен жеңілді.

Айта кетейік, Құлахмет әуесқой бокстан Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылғы Азия чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Кәсіпқой бокста кейінгі рет рингке 2021 жылы шілдеде шыққан. Алматыда өткен кеште ол оныншы раундта ресейлік Алексей Евченконы (19-15, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.