Түрлі мәселелерді шешуге көмектесемін деп алматылықтарды алдап келген заңгер ұсталды

Түрлі мәселелерді шешуге көмектесемін деп алматылықтарды алдап келген заңгер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде берген заңгер алматылықтарды алдап кетті

Мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде берген заңгер алматылықтарды алдап кетті,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«LEGAL FORCE» ЖШС директоры заң саласындағы түрлі мәселелерді шешуге уәде беріп, адамдарды алдаған.

«Анықталғандай, 39 жастағы Б.есімді азамат көптен бері аңғал азаматтарға түрлі мәселелерді шешуде құқықтық қолдау көрсету бойынша өз қызметтерін ұсынып келеді. Одан әрі сенімге кіріп, клиенттермен ойдан шығарылған келісім-шарттар жасады. Алайда қаражатты алғаннан кейін жасырынып жүрген. Қазіргі таңда полицияға 5 адам арызданды», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті құрықталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша тергелуде.

«Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу біздің бөлімшенің тергеу бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Аталған адамның заңсыз әрекетінен зардап шеккендерге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды ұсынамыз: 8-727-254-48-02; 8-727-254-48-10; 8-702-476-66-60», – деді Дәурен Өтебаев.