Түркістанда «ХІІІ ғасырға тән ақша түрлері» атты кітап жарық көрді

Түркістанда «ХІІІ ғасырға тән ақша түрлері» атты кітап жарық көрді
Сурет: Вilimdiler.kz

Айрықша еңбек

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жаңа жинақты жарыққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кітапқа музей қорында сақталған ХІІІ ғасырға тән ақша түрлері енгізілген.

Сондай-ақ, Түркістан оазисі ескерткіштерінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде және жекелеген адамдар тарапынан музей қорларына өткізген тиындар мен көмбелердегі ХІІІ ғасырда соғылған ақша түрлері жайлы толыққанды мәлімет берілген.

Кітаптың лентасын тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Марат Қымызұлы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев, нумизматика саласының білікті маманы Толқын Жолдасов қиды.

Кітап тарихшы-ғалымдар мен студент, магистрлерге, зерттеушілерге арналған.