Түркістан облысында таңдау тартысты жүріп жатыр

Түркістан облысында таңдау тартысты жүріп жатыр
almaty-akshamy.kz

Түркістан облысында да ауыл әкімдерінің сайлауы белсенді жүріп жатыр. Облыс бойынша 16 аумақтан жалпы саны ауыл әкімі болуға 166 үміткер тіркелген. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.

Өңірде ең көп кандидат ұсынған Nur Otan партиясының атынан 47 үміткер додаға түсіп жатыр. Түркістан өңірінде халық саны 2 049 681 адам болса, оның 1 160 196-сы дауыс беруге құқылы. Ал ауыл әкімдері сайлауы бойынша Түркістан облысындағы учаскелер саны – 241. Осы учаскелерде 265 146 адам өз таңдауын жасайды.