Түркістан облысы: Өңірде ауыл әкімдігіне 230 үміткер тіркелді

Түркістан облысы: Өңірде ауыл әкімдігіне 230 үміткер тіркелді
Сурет: Facebook.com

Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Осы айдың 25 күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі іске асырылады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Aigak.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастама көтерген еді.

Түркістан облысында 181 ауыл округі болса, биылғы жылғы ауыл әкімдерін сайлау 63 ауыл округінің 264 сайлау учаскесінде өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде алдымен 60 ауылдық округтің тұрғындары өз таңдауларын жасайтын болады.

 Бүгінгі күнге дейін 230 ауыл әкімдігіне үміткер азаматтар тіркеліп үлгерді. Оның 76-сы тіркелген саяси партиялардың ұсынған үміткерлері болса, 154-і - өз-өзін ұсынған азаматтар.