Түрксіб ауданының 2500-ден астам үйі сумен қамтуға қосылған

Түрксіб ауданының 2500-ден астам үйі сумен қамтуға қосылған
Cурет: Алматы әкімдігі

Желілердің жалпы ұзындығы 137,2 шақырым

Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров қаланың Түрксіб ауданында 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» шет аймақтарды дамытудың кешенді жоспарының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, бүгінде Әлмерек, Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қолжеткізуде. 2500-ден астам үйдің тұрғындары орталық сумен жабдықтауға қосылған.

Желілердің жалпы ұзындығы 137,2 шақырымды құрады: су Әлмеректің 819 үйіне, Нұршашқанның 832 үйіне және Қайрат шағын ауданының 1174 үйіне берілді.

Әлмерек шағын ауданының үйлері қамтылмаған желілері бойынша ЖСҚ қосымша әзірленді (261 сумен жабдықтау, 596 су бұру). Шуақты шағын ауданы бойынша ЖСҚ сараптамадан өтті, 400 үй қамтылады.

«Төменгі пятилетка» аумағын сумен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, мердігер анықталды, жобаны іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдар. Жобамен 4000-нан астам үй қамтылады, 13,3 мың тұрғын, желілердің ұзындығы 92,4 км құрайды», - деп толықтырды Түрксіб ауданының әкімі.

Бақытжан Ақжаров Жас Қанат шағын ауданын сумен жабдықтау бойынша ЖСҚ әзірленіп, мердігер анықталғанын хабарлады. Жобамен 2650 тұрғын тұратын 530 үйді қамтитын 24,7 км желі салу жоспарлануда. Жұмыстар 2022 жылдың наурыз айында басталады.

Сондай-ақ инженерлік желілерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 4,4 км сумен жабдықтау желісі, 2021 жылы 700-ден астам үйді (2 800 тұрғын) қамти отырып, 6,5 км реконструкцияланды.