Түркиядағы қазақ студенттері «Бірлік» ұйымын құрды

Түркиядағы қазақ студенттері «Бірлік» ұйымын құрды
kursiv.kz

Ыстамбұлда «Бірлік» жастар ұйымы құрылып, бірінші басқосуын өткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылған ұйымның алға қойған мақсаты зор, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ұйым жетекшілері Түркияда оқитын қазақстандық студенттердің басын қосып, патриоттық сезімге баулып, өзара қамқорлық пен қолдауды дамытамыз деп отыр.

Жаңа ұйымның құрылғанына Ыстамбұлда оқитындар дән риза.

Шараға шаһардағы студенттермен қоса көршілес провинциялардағы 150-ден астам қара көзіміз жиналды.

Керек дерек

Шетелде оқитын жастарымыздың саны бойынша түрік елі алғашқы ондыққа кіреді. Қазірде Түркияда үш мыңнан астам жастарымыз білім алады.