Түркияда өткен көрмеде түркі әлемі талқыланды

Түркияда өткен көрмеде түркі әлемі талқыланды
Сурет: Inform.kz

Көрмеде Елбасын ұлықтау рәсіміндегі төселген ақ киіз бар

Түркия астанасында өткен көрмеде Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерін баяндайтын 400-ден астам экспонат қойылды. Олардың ішінде ұлттық киімдер, Қазақстан тарихы бойынша азаттық үшін күрестің түрлі кезеңдеріндегі жәдігерлері ұсынылған. Тіпті еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасын ұлықтау рәсімінде төселген ақ киіз де бар. Ал «Түркі бірлігі» бөлімінде Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейі көрсетілген.

«Ұлттық кітапхана шаңырағында осындай көрменің өтіп отырғанына қуаныштымыз. Бұл жер – Түркияның ең үлкен кітапханасы», - деді Түркия президенті әкімшілігі жанындағы ұлттық кітапхана директоры Айхан Туғлу.

Сонымен қатар «Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті. Оған белгілі саяси және қоғам қайраткерлері жиналды.

Айта кетейік, қос шара да Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

«Қос шараның Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Түркияда өтуі кездейсоқтық емес. Себебі Түркия – тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындаған, бізді әрдайым қолдап келе жатқан бауырлас халық», - деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат