Түркияда ТҮРКСОЙ ұйымының фотокөрмесі болды

Түркияда ТҮРКСОЙ ұйымының фотокөрмесі болды
Сурет: Qazaqtv.com

Мәні терең фотокөрме.

Түркияның Ыстамбұл шаһарында ТҮРКСОЙ ұйымының фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com-ға сілтеме жасап.

Көрмеге ежелгі Жібек жолының бойында қаланың өткені мен бүгінінен сыр шертетін экспонаттар қойылды. Хиуа шаһары 2020 жылы «түркі дүниесінің мәдени астанасы» деп танылған еді. Мұндай шешім Ош қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше елдердің тұрақты кеңесінің 37-ші отырысында қабылданған болатын.

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы өз сұхбатында көрмеге қатысты пікір білдірді.

«Бұл фотокөрме – алдағы үлкен шаралардың бастауы», – деді.