Түркияда Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақ ашылды

Түркияда Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақ ашылды
сурет: Inform.kz

Стамбұлда Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ыстамбұлда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты Кіші құрылтайы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қауымдастыққа сілтеме жасап.
Мәжіліс алдында жергілікті билік өкілдері мен Кіші құрылтай делегаттары және қала тұрғындары түрік пен қазаққа ортақ тұлға Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанатына қатысты. Саябақ Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстамбұлдағы Бас консулдығының ұйытқы болуымен ашылып отыр. Ашылуда Ыстамбұл қаласының 800 мың халқы бар Бағжылар ауданының әкімі Локман Чағырыжы, Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков сөз сөйлеп, даңқты спортшының ескерткіші орнатылған саябақтың лентасын кесті. Іс-шараға М. Өзтүріктің қарындасы Перихан мен Германияда тұратын қызы Неслихан да қатысты.