Түркияда арзан тауар үшін кезек көбейді

Түркияда арзан тауар үшін кезек көбейді
Cурет: 24.kz

Түркияның ұлттық валютасы 1 долларға шаққанда 16 лираға дейін құлдырады

Түрік ақшасы күннен күнге құнсызданып барады. Осы сәтті пайдаланып, елге туристер ағыла бастады. Олардың дені арзан тауар алуға келгендер, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мысалға ел іргесіндегі Болгария мен Грекиядан келгендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы молынан сатып алып жатыр. Олар тіпті Эдирне қаласына жету үшін 20 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді. 

Қазір Түркияның ұлттық валютасы 1 долларға шаққанда 16 лираға дейін құлдырады. Сол себепті бұл елге келгендер керегін арзанға оңай тауып алады. 

Тақауда Ыстамбұл биржасы саудасын тоқтатты. Ал елдің орталық банкі интер-венция жүргізгенмен, лираның құлдырауына тосқауыл қоя алмай отыр.