Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды
Cурет: 24.kz

Жер сілкінісінен үйлер қирап, жолдар жабылған

Түркияның шығысындағы Эрзурум провинциясында жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарансына сілтеме жасап.  

5,1 балдық дүмпу көршілес Ағры мен Карс провинцияларында да сезілген. Эрзурум губернаторының хабарлауынша, 4 адам жарақат алған. Жер сілкінісінен үйлер қирап, жолдар жабылған. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Түркияның Дүзже провинциясында да 5 балдық жер сілкінісі болып, провинция тұрғындарын әбігерге салған еді. 

«Апатқа байланысты шұғыл орталық құрылды. Төтенше жағдай қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Топчу ауданы маңына шоғырландық. Қаза тапқандар жоқ»,-дейді Эрзурум губернаторы Окай Мемиш.