Түнгі Алматы әсемдікке толы

Түнгі Алматы  әсемдікке толы
Суреттер: О.ЖОЛДЫБАЙ

Тамаша көріністер

Жақында бір шаруалармен түнгі шаһарды араладым. Күн батқан. Кеш түскен. Айналада жастар көп. Қол ұстасқан ғашықтар. Қызыға қарайсың. Осы көріністерді көрген кісінің көзі тояды. Ақырындап Абай даңғылымен ілгерілеудемін. Қала мен көліктің қызылды-жасылды шамдары жарқырауда. Бір кезде Достық көшесіне жеттім. Сол маңдағы қиылыста жерасты жолымен жүрдім. Ғажайып бояулар, кескінді графика бәрі тап-тамаша үйлесім тапқан. Дереу суретке тарттым. Үйге келіп, осы ғажап сәттерді түртіп қойдым. 

Сұлулықты да көруге көз керек дейді. Соның рас екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім.