ТЖМ қызметкерлері панасыз иттерді құтқарды

ТЖМ қызметкерлері панасыз иттерді құтқарды
www.inform.kz

ТЖМ қызметкерлері Книжевское су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан суда қалған  панасыз иттерді құтқарды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иттердің паналау орны бөгет бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды. Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған, - делінген хабарламада.

Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді.