ТЖД таудағы нөсер жауынға байланысты алматылықтарға үндеу жасады

ТЖД таудағы нөсер жауынға байланысты алматылықтарға үндеу жасады
Сурет: Ашық дереккөзі

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтар мен қала қонақтарына демалыс күндері қатты жаңбыр жауып, тауларда найзағай ойнайтынын ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы тауларында дауылды ескерту жарияланды. 30 шілдеде күндіз, 31 шілдеде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

«Азаматтардан демалыс күндері тауға шығудан бас тартып, 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауларын сұраймыз»,-делінген хабарламада.