ТЖД спортшыларының әйелдер құрамасын салтанатты күтіп алып, құрмет көрсетілді

ТЖД спортшыларының әйелдер құрамасын салтанатты күтіп алып, құрмет көрсетілді
Cурет: Алматы ТЖД

Теміржол вокзалының перронында Алматы ТЖД үрмелі оркестрі іске қосылды

30 мамыр күні «Алматы – 2» вокзалында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті спортшыларының әйелдер құрамасына салтанатты күту және құрмет көрсету рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы  Төтенше жағдайлар департаментінің инстаграмдағы әлеуметтіік парақшасында жарияланды. 

Теміржол вокзалының перронында Алматы қаласы ТЖ департаментінің үрмелі оркестрі іске қосылды. Үздік үштікке енген жүлдегерлерді және олардың тәлімгерлерін ұжымнан, достарынан және туыстарынан қызыл раушанмен жылы кездесу күтіп тұрды.


23-28 мамыр аралығында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогына республикалық турнир өтті. Төзімділік пен кәсібилікте еліміздің барлық өңірлерінен 9 ерлер және 12 әйелдер командалары жарысты.
Ұпай қорытындысы бойынша Алматы қаласы ТЖД құрама командасы жалпыкомандалық ІІІ орынға ие болды. «Жауынгерлік қанат жаю» пәні бойынша ІІІ жалпыкомандалық орынға ие болып, үздік үштікке енді.


Өрт сөндіру-құтқару құрамасының спортшысы.Алматы Дзолба Оксана «100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту» бойынша I орын алып, бірден бірнеше пән бойынша үздік атанды, сонымен қатар «2-қабаттың терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу» пәні бойынша бірінші орынды иеленді. Оксана 24.49 с. қоссайыстан Қазақстан Республикасының рекордын орнатып, жеке есепте чемпион атанды.
Енді ТЖД құрамасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ташкент, Өзбекстан қалаларына әлем чемпионатына дайындық жасайды.