ТЖ вице-министрі онлайн-қабылдау өткізді

ТЖ вице-министрі онлайн-қабылдау өткізді
Сурет:Gov.kz.

ТЖ вице-министрі онлайн-қабылдауында сұрақтардың көбі өрт қауіпсіздігіне қатысты болды

Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков азаматтарды онлайн қабылдады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан хабарына сілтеме жасап.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қалаларының тұрғындарынан бірқатар сұрақтар түсті. Келген сұрақтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болды.

Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны қоғамдық тамақтану объектілерін өрт қауіптіліктің жоғары санатына қосу және мүлік иелері бірлестігінің қатысуымен тұрақты тексерулерді енгізу мәселелерімен жүгінді.

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындарын өз үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі алаңдатады.

Қабылдау соңында вице-министр ТЖМ жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді, барлық азаматтардың өтініштері жауапсыз қалмайтындығын және ТЖМ басшылығының тұрақты бақылауында болатынын ескертті.