Түйемен келіп дауыс беруде

Түйемен келіп дауыс беруде Сурет: Azattyq Ruhy.

Бір топ азамат дауыс беру кезінде ән мен жырдан шашу шашқан.


Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  


Күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда №419 сайлау учаскесіне дауыс берушілер түйемен келді. Бір топ азамат дауыс беру кезінде ән мен жырдан шашу шашқан.


Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында 35 жастағы Ұлан Байзақов та бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша, түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет. 



«Аптаның демалыс күндері түйені орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау – үлкен бақыт. Қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмай,  алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келдік  әрі елге жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді», - дейді түйеші Ұлан Байзақов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет