Түйелер жарысқа түсті

Түйелер жарысқа түсті
Сурет: 24.kz

Сауд Арабиясының солтүстік-батысында түйе жарыс өтіп жатыр.

Жүлде қоры 21 миллион АҚШ долларынан асады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сарапшылар бұл сайыс тарихындағы ең үлкен сома дейді. Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлер жиналған. Жарыстан басқа, түрлі мәдени іс-шаралар мен көрмелер де ұйымдастырылған. Кейінгі жылдары Сауд Арабиясының билігі экономиканы әртараптандырып, сан алуан туристік іс-шаралар өткізуді әдетке айналдырған.

«Біздің аймақта мұндай ірі жарыс бұрын-соңды өтіп көрмеген. Өте қомақты жүлделер тігіліп отыр. Бұл бізге, бір жағынан, қызық, екінші жағынан, зор мақтаныш», - дейді көрермен Еннад Әл-Балауи.

«Біз де осы жарысқа өз түйемізді әкелдік. Әзірге бесінші орында келе жатыр. Бірінші орын аламыз деген үмітіміз де жоқ емес. Жүлде қорының жоғары болғаны өте заңды. Өйткені бұл елде түйе - ең маңызды жануар», - дейді АҚШ азаматы Суиз Битс.