Тұтас ұлт өсіп  өркендейді

 Тұтас ұлт өсіп  өркендейді Сурет: ult.kz

Алдымен  халық көкейінде жүрген сұрақтарды дайындап Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан ойлы да мазмұнды, парасатты да салиқалы сұхбат алғаны үшін «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы,  көрнекті ғалым Дихан Қамзабекке көп рахмет айтамыз.


Ал осы көлемді сұхбат туралы пікірімді 4-ші сұрақтан бастағалы отырмын. Бұл сұрақта журналист  жұрт айтып жүрген қосарланған билік жүйесі туралы әңгіме қозғайды. Өз басым Президентіміздің берген жауабына толық қанағаттандым.


Өйткені 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін бізде  қосарланған билік болғанын кім білмейді. Қасым-Жомарт  Кемелұлы осы мәселені егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, «Елімізде Президент әрі  Жоғары Бас қолбасшы лауазымы бір бөлек, бұрынғы Президент иеленген қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы лауазымы бір бөлек болды...», «Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның  ішінде бұрынғы Әділет Министірінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны есіңізде шығар...» деп шындықты жайып салады.


2022 жылдың 5 қаңтарына дейін елдегі   биліктің жағдайы солай болатын. Ал 5 қаңтар күні телевизордан  сөйлеген Президент бүгіннен бастап қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы  міндетін өз мойнына алатынын және ешқайда кетпейтінін халыққа жариялады. Осы мәлімдемені естігенде  өз басым қатты қуанып қалып едім. Алайда ел басына түскен қатерлі шақта Президентке қысым  жасалғаны кейін белгілі болды ғой. Болашақта анықталатын шығар, бәлкім сол кезде алдына келген қара ниетті   жандардың тарапынан, «билікті тастап кет» деп күш те көрсетілуі мүмкін ғой. Алайда басын қауіп-қатерге  тігіп тұрып, елі мен жерін мемлекеттік төңкерістен аман алып қалған Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл шешімін ерлікке пара-пар емес деп кім айта алады?!


Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне төнген қауіпке жалғыз өзі қарсы тұрған Президент мына сұхбатында айтқанынан қайтпайтын азамат ретінде халықтың назарын тағы бір маңызды мәселеге аударады: «Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже ешқашан өзгермейді. Бұл  талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтың тұтастығы және басқару туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген» деп кесіп айтты.


Сұхбатты оқып отырып  Саяси жаңғыру жыл сайын  қарқын алып келе жатқанын білеміз. Айталық осы жылдары аты да заты да түбегейлі өзгерген Конституциялық сот қалпына келді. Енді «Конституциялық Сот шешімдерінің күшін ешкім жоя алмайды. Оның шешімдеріне,  соның ішінде  азаматтардың Конституциялық құқықтарына  қатысты байламдарына күмән келтіруге Президенттің де еш қақысы жоқ...» - деп тұжырымдайды Президент. Бәрекелді, бұндай реформалар  бұрын-соңды болып па еді!?


Халық елде болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға тиіс, алайда көбіне керісінше ештеңеден хабарсыз қалады. Мысалы, сыртқа  кеткен ақшаны қайтару керек деп оппозиция күні бүгінге дейін қақсауда. Ал шындығында, бұл өзекті  мәселе  2019 жылы саяси реформалар басталғанда қолға алынған жұмыс. Сол кезде олигополиялық диктатура туралы ашық айтыла бастады. Ол туралы  бір кезде былай деп жазылған: «Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев олигополиямен күресті бастады. Оған да себеп жеткілікті Сарапшылардың есептеуінше, соңғы 25 жылда елден заңсыз түрде 140-160 млрд АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік активтер шығарылған. Еліміздің өткен  жылғы ішкі жалпы өнімі  200 млрд АҚШ долларынан асып түсті.


Бұдан тұтас елдің бір  жылдық табысының үштен екі бөлігі  заңсыз сыртқа шығарылған деп қорытынды жасауға болады». Мына келелі әңгімеде, саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдени реформалар жан-жақты  әңгіме болады. Айталық, Жошы ұлысының  іргесі қаланғанына – 800 жыл болатын датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынғанына қалай қуанбайсың. Өзіміздің 200 тарихшымыз,  шетелдің  60  ғалымы жұмылдырылған Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмысының аяқталып қалғаны да үлкен оқиға ғой.


Президент  «Мен қазақ елінің жастарына сенемін»  деген жүрек жарды сөзін үнемі айтып келеді. Бұл сөздің айқын дәлелі ретінде жастардың атқарушы  және заң шығарушы билік тармақтарында қызмет  етуіне жол ашатын көлемді  шараларды атап  өтті.  Соның ең маңыздысы –  Президенттік    жастар  кадр резерві.


Бұл  дегеніңіз болашақта елдің экономикасы мен  саясатын,  мәдениеті мен тарихын  толық  меңгерген  жастар билікке  келеді  деген сөз.


«Егемен  Қазақстанға»  сұқбат берместен  үш күн бұрын  Президетіміз  Қасым-Жомарт  Тоқаев  кітап  жиналған  шкафтардың  қасында  тұрып Қазақстан  халқын Жаңа жылмен  құттықтады. Сондағы сөзінде: «Биыл бәріміз  тұтас ұлттың өсіп  өркендеуіне  куә  боламыз» деді. Ләйім солай  болғай!
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19