Тұрмыстық техникалар бір жылда 18%-ға қымбаттаған

Тұрмыстық техникалар бір жылда 18%-ға қымбаттаған
Сурет: Тayga.info

Қазақстандық отбасылар ас үй плитасымен 100 пайыз, ыдыс жуатын машинамен 34 пайыз ғана қамтылған.

Сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша сатып алынған тұрмыстық техниканың бағасы бір жылда 18,1%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, 2021 жылы қазақстандық отбасылардың 100%-ы ас үй плитасымен, 99,7%-ы тоңазытқышпен, 96,1%-ы кір жуғыш мащиинамен, 94,1%-ы шаңсорғышпен, 79,1%-ы қысқа толқынды пешпен қамтылған. Ал мұздату камерасын қазақстандық отбасылардың 29,6%-ы, электр қазанды 28%-ы, тігін машинасын 27,9%-ы, кондиционерді 24,1%-ы, ток пешті 18,5%-ы, ыдыс жуғыш машинаны 3,4%-ы күнделікті тұрмыста қолданып жүр. Кір жуғыш машинамен, шаңсорғышпен, қысқа толқынды пештермен, электр қазанмен, кондиционермен, тоқ пешпен, ыдыс жуғыш машинамен қамтылу деңгейі қалалықтарда жоғары болса, ауыл тұрғындарды тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасы сияқты техниканы қалалықтардан жиі сатып алады.

«10 отбасы деп алсақ, олар 102 тоңызытқыш, 102 ас үй плтасы, 97 кір жуғыш машина, 95 шаңсорғыш, 79 қысқа толқынды пеш, 30 мұздатқыш, 28 тігін машинасы, 28 электр қазан, 26 кондиционер, 20 тоқ пеш, 4 ыдыс жуғыш машина тиесілі. Биылғы 3 айдың қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер бар болғаны 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш жасап шығарған. Ал осы уақытта 144, 9 мың импорттық техника әкелінген. Бірінші тоқсанда Қазақстан аумағына 150,8 мың кір жуғыш машина мен кір кептіргіш техника, 89,1 мың шаңсорғыш, 181,9 мың миксер әкелінген. Бұл техниканың ешбірі Қазақстанда шығарылмайды», - делінген Energyprom.kz ақпаратында.

Порталдың жазуынша, сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша сатып алынған тұрмыстық техниканың бағасы бір жылда 18,1%-ға қымбаттаған. Әсіресе, Алматы облысында 21,5% қымбаттау тіркелген. Сондай-ақ, Жамбыл облысы мен (20,7%) және Солтүстік Қазақстан облысы (20%) қымбат өңірлердің үштігіне кіріп отыр. Жеке техникаларға келсек, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 15,8%-ға, ас үй плитасы 17,2%-ға, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машина 22%-ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттаған.