Түрксіб ауданының 7 көшесіне тротуар салынады

Түрксіб ауданының 7 көшесіне тротуар салынады
Сурет: Vse.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі тұрғындарымен кездесуі барысында айтты.

Түрксіб ауданында 486 көшенің 439-ы немесе 90%-на асфальт төселген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жол инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Ауданда 486 көшенің 439-ы немесе 90%-ті асфальтталған. Осы жылы қалған 47 көшеден 10,2 км 17 көшеге жол төсемінсіз орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі», – деді Ерболат Досаев.

Ал Қайрат және Әлмерек шағынауданына 2 жылдың ішінде сумен жабдықтау желілері салынып, асфальт төселеді.

«2022 жылдың желтоқсан айында Құлжа күре жолы – Бұқтырма көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталады. Биыл 7 көшеге 5 шақырым тротуар салынады. 65 көшеге тағы 53 км тротуар қажет. Бұл жұмыстар жалғасатын болады», – деді ол.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесінің бойындағы магистральды темір жол учаскесін қауіпсіз кесіп өтуі үшін қыркүйек айында 2 жерүсті өткелін салуға мемлекеттік сараптама алынады. Жұмыстар 2023 жылдың бірінші тоқсанында басталады.