Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті

Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті
Сурет: Ашық дереккөз

15 834 адам жарақат алған.

Түркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның сөзінше, 15 834 адам жарақат алған.

Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам аман шыққанын хабарлады.

Сондай-ақ Ф.Октай 338 мың адам жатақхана, университет пен түрлі орналастыру орындарына жайғастырылғанын айтты.

Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда жеті күнге жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Ел аумағында барлық Мемлекеттік тулар түсірілді.

AFAD дерегінше, Түркияның оңтүстік-шығысында бір тәулік ішінде магнитудасы жеті балдан жоғары екі жер сілкінісі (жергілікті уақытпен 04:17-де – 7,7 балл, 13:24-те – 7,6 балл) болған.

Түркия билігі жерасты дүмпуінің қайталануынан қауіптеніп, тұрғындардан үйлеріне қайтпауды сұрады.