Түркиядағы мейрамханада жарылыс болды

Түркиядағы мейрамханада жарылыс болды
Сурет: Ашық дереккөзі

Түркияның Айдын қаласында мейрамханада жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті билік 7 адамның қаза тапқанын және 4 адамның жараланғанын хабарлады. Бұл алдын ала мәлімет екені нақтыланған.

 "Айдын губернаторы Гусейн Ақсой Назилли ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты деп хабарлады", - деп хабарлайды TRT Haber.