Түркиядағы «Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандықтар үш жүлде алды

Түркиядағы «Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандықтар үш жүлде алды Сурет: 24kz

“Қорқыт Ата” кинофестивалі өз мәресіне жетті


Түркияның Бурса қаласында өткен бұл додада қазақстандықтардың да асығы алшысынан түсіп, үш бірдей жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
  
Түркі дүниесінің мәдени астанасында “Қорқыт Ата” сыйлығы табысталды. Осымен екінші мәрте өткен жиында түркі тілдес елдер арасында киноиндустрияның үздік актерлері марапатталып, туындылары бәйге алды. 



«Жаһандану- құндылықтардан ажырау емес, керісінше оны жандандыру. Әмбебаптылығымызбен құндымыз.  Басқаларға ұқсамай, оларға үлгі болу қажет. Ағаштың тамыры жерге неғұрлым тереңдеген сайын, оның таралар аумағы кеңейіп, биіктігі мен сырт пішіні ұлғайып, бұтақтарының көлеңкесі кеңейетінін ұмытпайық. Осы тұрғыдан, “Қорқыт Атаның” бізге мұра еткен құндылығының маңызы зор», - дейді Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой.



Бес күн бойы көрермен жан-жақтан келген жауһар дүниелерді тамашалады. 17 елдің майталмандары арасынан отандық үш туындымыз жүлдеге ілікті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер Қанат Төребай Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін марапатталды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49