Түркияда зілзала құрбандарының саны 5,4 мыңнан асты

Түркияда зілзала құрбандарының саны 5,4 мыңнан асты
Сурет: Ашық дереккөз

Табиғи апат салдарынан 5 775 ғимарат қираған

Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5434-ке жетті, 31 777 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы мәліметтерді жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи апат салдарынан 5 775 ғимарат қираған.

Еске сала кетсек, дүйсенбі, 6 ақпанда, Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те-7,6 балл).

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

Сондай-ақ, қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласының орталығында іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Түркияға 41 адамнан тұратын топ барды, оның ішінде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларынан бөлек, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де бар.