Түркияда зілзала аумағында қалған қазақстандықтарды елге алып кету шаралары жүргізілуде

Түркияда зілзала аумағында қалған қазақстандықтарды елге алып кету шаралары жүргізілуде
dailysabah.com

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі ел азаматтарын Отанға қайтару шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрметті Қазақстан азаматтары! 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында болған жер сілкінісіне байланысты, 7 ақпанда Газиантеп қаласындағы Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізілуде. Осы ретте Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматы болған жағдайда, 7 ақпанда жергілікті сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедуралардан өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексерісі т.б.), дайын болуы тиіс», - деп мәлімдеме жасады Ыстанбұлдағы Қазақстан консулдығы.

Сонымен қатар Қазақстанға оралуға ниетті азаматтардың тізімін құрастыру үшін міндетті түрде көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет: +90 538 880 70 41 (Консул Темірлан Сайлауұлы), +90 312 491 91 00 (кезекші комендант).

Айта кетейік, Қазақстанның құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.