Түркияда үйінді астында жатқан ер адам 278 сағаттан кейін табылды

Түркияда үйінді астында жатқан ер адам 278 сағаттан кейін табылды
сурет:Anadolu Agency

Әлсіреп қалған азамат дереу ауруханаға жатқызылды.

Хатай провинциясында үйінді астында жатқан ер адам 12 күннен кейін аман-есен шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін 45 жастағы ер адам 278 сағат ас-сусыз үйінді астында жатқан. Қирандыдан тіршілік белгісін байқаған құтқарушылар оны аман-есен шығарып алды. Әлсіреп қалған азамат дереу ауруханаға жатқызылды.

45 жастағы Хакан Ясиноғлы он бір күннен бері Дефне ауданындағы құлаған ғимараттың астында жатқан.