Түркияда туристер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты

Түркияда туристер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты
Cурет: A Haber

Жол апаты салдарынан тағы 26 адам зардап шекті

Орталық Түркияда туристер мінген автобус жол апатына түсіп, кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy  «A Haber» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, жол апаты салдарынан 26 адам зардап шеккен. Түрлі жарақат алған адамдар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Жол апаты кезінде автобус тас жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Апат Ақсарай мен Конья елдімекендерінің аралығында болған.

Айта кетсек, өткен жылдың қазан айында Түркияның оңтүстігіндегі Анталия қаласы маңында туристер мінген  тағы бір автобус аударылған еді. Ол кезде жүргізуші көлікке ие бола алмай қалып, жол ортасын бөліп тұрған бөгетті қағып өтіп, қарсы бетке шығып барып аударылып қалған болатын.