Түркияда тоғыз күн үйінді астында болған ағайынды екі жігіт құтқарылды

Түркияда тоғыз күн үйінді астында болған ағайынды екі жігіт құтқарылды
Сурет: Egemen.kz

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Дулкадироглу ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң екі ағайынды үйінді астынан табылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін қираған үйлердің астынан 17 жастағы Мохаммед Энес Йенинар мен оның 21 жастағы үлкен ағасы Баки Йенинар шығарылды. Олар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Құтқарушылар апат аймағынан аман қалғандарды табудан үмітін үзбейді. Ақпанның 12-сі күні түрік құтқарушылары жүрек тебірентерлік кадрлармен бөлісті. 140 сағаттай үй қирандысының астында жатқан 7 айлық сәби аман-есен құтқарылды.

11 ақпанда Түркияның Адьяма қаласында жер сілкінісі болғаннан кейін 114 сағат өткен соң үйінді астынан 10 жастағы бала шығарылды.