Түркияда тағы жер сілкінді

Түркияда тағы жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөз

Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасты

Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 4,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасынан (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 09:47-де Гёксун ауданында тіркелді. Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасты.

Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Мамандар аймақта жерасты дүмпулері әлі де жарты жыл бойы жалғасады деген болжам жасады. Түркияда жойқын зілзала болатынын болжаған Нидерланд зерттеушісі Франк Хугербитс наурыз айының басында жаңа апаттар күтілетінін ескертті.

7 наурызда Түркияның Хатай, Кахраманмараш және Кайсери провинцияларында үш жер сілкінісі болды.